Қадірменді оқырман, бұл айдардың толыға түсуіне және ол оқырманның іздеп отыратын айдарына айналуына сіз де өз үлесіңізді қоса аласыз. Өзіңіз естіген, түрлі мерзімдік басылымдардан көзіңіз шалып қалған атқамінерлердің аузынан шыққан "қанатты сөз" тіркестері мен сөйлемдерді біздің сайтымызға жолдай аласыз: аzattyq@rferl.org
Ұтымды-ұтымсыз айтылған сөздердің антологиясын бірлесіп жасауға атсалысыңыз, қымбатты оқырман.
Оппозициялық газет редакторы Гүлжан Ерғалиева:
Машинаңды, жұмысыңды, күйеуіңді ауыстыруға болады, бірақ сеніміңді ауыстыра алмайсың.
Өз президентіне қатты ғашық кеңесші – кеңесші емес, оған отставкаға кету керек.
Биліктің жасап жатқан істеріне қатысты қоғамның, халықтың шынайы қарым-қатынасы турасында Президентке мүлде баяндалмайтындығына мен сенімдімін.
Мен өзім титтей де болса сенбейтін сот-әділет жүйесіне бағынудан бас тартамын.
Шынында биліктің қимылдары неге соншалықты шарасыз? Рахат - Рахат емес, Кремлдің жүгері алқаптарын жақсы көретін басшыны ауыстыру үшін ойлап тапқан сценариі сияқты Ақордадан билікті тайдыру жөніндегі "жүгері" төңкерісінің сценариін дайындаған шетелдік арнайы қызметтің агенті болғандықтан емес пе екен?