Accessibility links

Күлекеев түрме жазасына кесілді


"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеев үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгін Астана қаласындағы 2-ші Сарыарқа аудандық соты жемқорлық қылмыстарымен айыпталған Күлекеевті үш жылға түрмеге жабу туралы үкім шығарды. Күлекеев "100 мың доллар пара алды" деген айып бойынша ақталып, компанияға материалдық шығын келтірді деген баптар бойынша айыпты деп табылды. Сот сондай-ақ Күлекеевтің көлік жүргізушісі Есенгелді Оспановты ақтаған шешім шығарды.
XS
SM
MD
LG