Иран мұнай шығарушы елдерді мұнай өнімдерін күніне бір жарым миллион баррелге дейін қысқартуға шақырды. Иранның ОПЕК ұйымындағы өкілі Мохаммад Али Хатиби мұнай өндірісін азайтуға ғаламдық қаржы дағдарысына байланысты сұраныстың төмендеуі себеп болып отыр деген.
Өткен айда әлемнің шикі мұнайының 40 пайызын шығаратын ОПЕК мұнай бағасының қатты құлауына байланысты өндірісті күніне 1,5 млн баррелге түсіретін болып шешкен. Алайда шілде айында бір баррелі рекордтық 147 долларға жеткен мұнай бағасы 55 долларға дейін түсті. Иран күніне 4 млн баррель мұнай өндіреді.