Accessibility links

Медведев Обама кезінде Ресей-АҚШ байланыстары жақсарады деп үміттенеді


Ресей президенті Дмитрий Медведев қаңтар айында АҚШ-тың жаңа сайланған президенті іске кіріскенде, Мәскеудің Құрама Штаттармен қарым-қатынасы жақсарады деген үмітін білдірді. Вашингтондағы Сыртқы байланыстар жөніндегі Кеңесте сөйлеген Медведев даулы болып отырған АҚШ-тың Чехия мен Польшада зымыраннан қорғаныс жүйесі жоспары туралы талқылауға өзінің дайын болғанын айтты. Ресей президентінің бұл мәлімдемесі осыған дейін АҚШ жоспарына жауап ретінде Калининградқа қысқа қашықтықтағы зымыран орнатам деп айтқан бірер күннен соң болып отыр. Ресейдің ол анклавы НАТО әрі ЕуроОдақ мүшелері болып табылатын Литва және Польшамен шекаралас қала.
XS
SM
MD
LG