Accessibility links

Израиль Газаға соққы беретінін айтты


Израиль палестиналық зымыран шабуылдарына жауап ретінде Газадағы содырларға қарсы әскери соққы беретінін айтып отыр. Бұл туралы Нетания қаласында айтқан қорғаныс министрі Эхуд Барак Израилдің шекаралас қалаларына атылған зымырандық отшашулар адам көнгісіз болды әрі Израиль армиясын Палестина жағына ауыр болатындай үлкен әскери шабуылға дайындады деді. Израиль бірқатар қақтығыстардан кейін Хамастың бақылауындағы Газа қаласына жақын барлық коммерциялық орындарды жауып тастады. Сонымен бұл арада 5 айға созылған бейбіт келісім қайта бұзылып отыр. Бұл дағдарыстан соң, БҰҰ-ның агенттіктері Газадағы 750 мың босқынға беретін азық-түлік көмегін тоқтатып қойды.
XS
SM
MD
LG