Accessibility links

Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тапты


Жамбыл облысында орын алған жол апатының кесірінен бір адам қаза тауып, біреуі жараланды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында Алматы - Ташкент тас жолының 461-шақырымында «Мерседес» көлігі аударылып, 66 жастағы жолаушы әйел оқиға орнында қаза тапты, 45 жастағы жолаушы әйел ауруханаға жатқызылды.

XS
SM
MD
LG