Accessibility links

Ирандық-америкалық студент бостандықта


Қауіпсіздік мәселесіне байланысты айыпталған Еша Момени ханым Ираннан кетуге хұқылы. Бұл жөнінде Иран сот жүйесі өкілі мәлімдеді. Аталған жаңалық жөнінде Момени де, оның отбасы мүшелері де ешнәрсе айта қойған жоқ. Ол қазанның ортасында АҚШ-тан Иранға отбасын көру және мұндағы әйелдер қозғалысын зерттеу мақсатында келгенінде тұтқындалған болатын. Теһран түрмесінде 4 ай жатқан ол қарашаның 10-да кепілдікпен босатылған еді.
XS
SM
MD
LG