Accessibility links

Женевада Ресей-Грузия келіссөздері жоспарланған


Бүгін Женевада Ресей мен Грузия ресмилері келіссөздер өткізеді. Бұл екі ел өткен жазда Грузияның жікшілдік аймағы Оңтүстік Осетияға байланысты соғысқан болатын. Азат Еуропа / Азаттық радиосы грузин қызметінің хабарлауынша, бүгінгі кездесуде ЕуроОдақтың арағайындығымен жасалған атысты тоқтату жөніндегі келісімнің қалай орындалып жатқандығы мен қауіпсіздік және адам құқықтары мәселесі талқыланбақ. Мұндай келіссөздерге Оңтүстік Осетия мен Абхазия өкілдерін қатыстыру керек па жоқ па деген мәселеге байланысты қазан айындағы талқылаулар аяқ астынан тоқтап қалған болатын. Грузия оған қарсы.
XS
SM
MD
LG