Иран 5 миллионнан астам интернет парақшасына тосқауыл қойды. Иран ресмилері тыйым салынған әлгі вебсайттардың мазмұны қоғамға қарсы бағытталған деп отыр. Каргозаран газетінің хабарлауынша, бас прокурордың кеңесшісі Абдолсамад Хорам Абади “дұшпандар интернетті пайдаланып, біздің діни келбетімізге шабуылдамақшы” деген. Соңғы жылдары Иранда интернет қызметімен қамтамасыз етуші компанияларға қарсылық танытатын немесе порнографиялық және исламға қарсы деп есептелетін саяси, адам құқықтары және әйелдер вебсайттарына тосқауыл қою жөнінде нұсқау берілген болатын. Бұл тыйым Facebook пен YouTube сияқты белгілі вебсайттарға да қатысты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады