Accessibility links

АҚШ пен Азияда акциялар мен мұнай бағасы түсті


Азия мен Құрама Штаттарда акциялар бағасы қатты құлап жатыр. Және қаржы жүйесінің келешегіне алаңдаушылық жалғасып тұрған тұста мұнай бағасы да түсіп кетті. Бүгін Жапонияның Никкей биржасындағы баға 5 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, Оңтүстік Корея мен Гонконгтағы акциялар да 5 процентке құлаған. Мұнай бағасы да Азияда бір барреліне 53 долларға түсті. Мұның бәрі АҚШ-тың Dow Jones компаниясындағы акциялар 5 пайыздан аса деңгейге түсіп кеткен соң болып отыр. Бұл 2003 жылдың наурыз айындағыдан бергі ең төменгі көрсеткіш.
XS
SM
MD
LG