Иранда Израиль үшін тыңшылық жасады деп айыпталған кәсіпкердің өлім жазасы іске асырылды. Сот баспасөз хатшысының хабарлуынша, маусым айында өлім жазасына кесілген Али Аштари дүйсенбі күні дарға асылған. Иран соты Аштариді елдің әскерилеріне қатысты құпия мәліметтерді Израилдің барлау қызметкерлеріне берді деген күдік бойынша айыпты деп тапты. Али Аштари электронды жабдықтармен айналысатын компанияның басшысы болған.