Accessibility links

Ақтөбеде аудан әкімінің орынбасары екі жылға сотталды


Ақтөбе облысында Мартық ауданы әкімінің орынбасары шартты түрде екі жылға сотталды, — деп хабарлайды облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаменті.

Аталған департаменттің мәліметінше, шенеунік 328 мың теңге көлемінде пара алған деп айыпталуда. Бұл ақшаны ол аудандық мектептің шатырын жөндеу жөніндегі мемлекеттік қабылдап алу актісіне қол қою және оны дер кезінде қаржыландыру үшін «Килт» ЖШС-нің прорабынан алған. Сот шенеунікке қатысты істі қарап, оны екі жылға шартты түрде соттады.

XS
SM
MD
LG