Accessibility links

Журналист әйелді өлтіруге Ресей саясаткері тапсырыс берді


Журналист Анна Политковскаяны өлтіруге ресейлік саясаткерлердің бірі тапсырыс берді.
Айыпталушылардың бірін қорғайтын адвокат Мурад Мусаев мәлімдегендей, айыптау қорытындысында осылай делінген, бірақ тапсырыс бергендердің есімдері нақты аталмайды. Адвокаттың сөзіне қарағанда, жеке басының мүддесі үшін кісі өлтіруге тапсырыс берілген көрінеді.
Біздің мәскеулік тілшіміз хабарлағандай, Политковскаяны өлтіруге қатысты сот сәрсенбіге дейін үзіліске шықты. Осы күні Мәскеу аймақтық әскери соты мәжілісті ашық өткізу туралы шешім қабылады.
XS
SM
MD
LG