Бүгін «ҚР заңдарының БАҚ мәселелері туралы бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасындағы түзетулермен келіспейтін БАҚ жетекшілері мен ұйым басшылары наразылық білдіріп, үкіметке хат жолдады.
Хат мәтінінде: «БАҚ жұмысын реттейтін Қазақстан заңдары ескі көзқараста қалып отыр, осының кесірінен барлық дәрежедегі шенеунік сыни материал жариялаған кез келген басылымды оп-оңай құртып жібере алады. Заңға үкімет тарапынан енгізілген аз-кем түзетулер журналистиканың адалдық принципіне мән бермей отыр», — делінген.
Хатқа қол қойғандардың арасында «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, «Жас Алаш», «Свобода слова», «Тасжарған», «Республика» және тағы басқа басылымдардың басшылары бар.