Accessibility links

Ақорда ресми Ташкенттің бастамасын қолдайды


Қазақстан мен Өзбекстанның арасында еркін сауда аймағын құру туралы ресми Ташкенттің бастамасын Ақорда қолдайды. Бүгін Испания, Куба, Өзбекстан және Қатар елшілерінің сенім грамоталарын қабылдау кезінде президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді.
Ол атап көрсеткендей, осы жылдың сәуір айында Астанаға келген ресми сапарының барысында өзбек президенті Ислам Кәрімов екі елдің арасындағы еркін сауда аймағын құруды ұсынды.
“Біз, -деп мәлімдеді Қазақстан президенті, - бұл ұсынысты қолдаймыз, өйткені біз барлық аймақ елінің тығыз экономикалық ынтымақтастығын қолдап келеміз”.
Н.Назарбаевтың айтуынша, өзінің сыртқы саясатында Ақорда Ташкентпен арадағы ара-қатынасына айрықша мән береді.
XS
SM
MD
LG