Шымкент қалалық әкімдігі коммуналдық шаруашылықтарды екпе материалдармен қамтамасыз ету үшін жылыжайы бар қалалық муниципалдық питомник құру туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы хабарлаған қалалық әкімдіктің ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы Қуанышбек Шадиевтің мәлімдеуінше, «әкімдіктің қаулысымен питомник пен жылыжайды салуға 15 гектар жер берілді. Оған 16 млн теңге бөлініп, жер телімі қоршалып, қылқан жапырақтылардан бірнеше түп ағаш отырғызылды».