Алматыдағы Жетісу ауданының Құрылысшы ауылында орналасқан «Құрбанов» жеке кәсіпорнының өндірістік базасында үш адам көмірқышқыл газдан, сондай-ақ спиртті ішімдіктерден уланып қалған, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар мнистрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ауруханаға түскендердің екеуі 22 және 45 жастағы Өзбекстан азаматтары, біреуі 25 жастағы қазақстандық екен.