Accessibility links

Сәулет-құрылыс комиссияларының қызметіне заңмен бақылау қою ұсынылды


ҚР Индустрия және сауда министрлігі мемлекеттік сәулет-құрылыс комиссияларының қызметіне орталық уәкілетті органдар тарапынан заңмен бақылау қоюды ұсынады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті.

«Қазір жергілікті атқарушы билік органдары құрылыс салу жөніндегі шешімнен бастап лицензия беру, құрылыс сапасына бақылау қою және нысандар мен кешендерді қабылдауға дейінгі барлық сәулет, қала салу және құрылыс қызметтеріне қатысты барлық функцияларды атқарады. Яғни, олар өздері құрылыс салып, оның сапасын өздері тексереді. Біз осыған байланысты «Сәулет-құрылыс және құрылыс қызметі туралы» заңға өзгеріс енгізу жөнінде бастама көтердік. Ол жобамен орталық уәкілетті органдар тарапынан жергілікті атқарушы биліктің сәулет және қала салу ісі бойынша іс-қызметін қадағалау функциясы заңмен енгізіледі», — деді В. Школьник.

XS
SM
MD
LG