Геннадий Зюганов Ресейдің Коммунистік партиясы орталық комитетінің төрағасы болып қайта сайланды. Жексенбі күні Мәскеуде аталған партияның жиыны өтті. Зюганов Ресейдің коммунистік партиясын 1993 жылдан бері басқарып келеді. Ғаламдық қаржы дағдарысына байланысты қоғамның наразылығы Коммунистік партияның билікке оралуына көмектеседі, дейді Зюганов.