Осындай атпен белгілі болған Хассан әл-Мәжид 1991 жылы елдегі шииттер көтерілісін күйрете басудағы атқарған рөлі үшін жазалануда. Сондай-ақ 1988 жылы мыңдаған күрттерді өлтірудегі “қызметі” үшін оған 2007 жылы дарға асу шешімі шығарылған болатын. Сот сонымен бірге бұрынғы президент Саддам Хусейннің Баас партиясының басшысына да өлім жазасын кесті. Тағы 4 ресмиге өмірлік түрме жазасы, бесеуіне 15 жыл түрмеде отыру жазасы белгіленді. Үш адам ақталды.