Accessibility links

Пәкістан күдіктілерді Үндістанға тапсырудан бас тартты


Исламабадтың хабарлауынша, Мумбайдағы шабуылдарға байланысты Үндістан іздеу салып отырған күдікті адамдардың айыбына қатысты дәлел болса, олар Пәкістанда сотқа тартылады. Бұл туралы президент Асиф Али Зардари CNN телеарнасының Ларри Кинг бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Үндістан Пәкістаннан әлгі шабуылдарға қатысы бар деп күдіктелген 20 адамды тапсыруды талап етті.
XS
SM
MD
LG