ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысы Панфилов ауданында Алматы-Көкпек-Қорғас тас жолының 346-шақырымында ҚХР азаматы жүргізіп отырған «Далум-Санчи» мен «Ауди» көлігі соқтығысып, соның кесірінен «Аудидің» 32 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.
Сондай-ақ Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылындағы «777» атты ресторанның жанында «Мерседес» пен «Ауди» көліктерінің соқтығысуы нәтижесінде «Мерседестің» 44 жастағы жүргізушісі қаза болып, «Ауди» көлігінің үш жолаушысы ауруханаға жеткізілді.