Accessibility links

Дәмханадағы жарылыстан зардап шеккендер саны 23 адамға жетті


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыдағы Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан түрік тағамдарын даярлайтын дәмханада жарылыс болды. Аталған жарылыстан зардап шеккендер саны 23 адамға жетті.

ТЖМ ақпаратынша, Тимирязев көшесіндегі төрт қабатты тұрғын үйге жапсыра салынған және осы үйдің жертөлесін иемденген дәмханадағы жарылысқа себеп 50 литрлік екі газ баллонының жарылуы, оның соңы 60 шаршы метр аумақты шарпыған өртке ұласты.

Жарылыс салдарынан 22 жастағы қыз оқиға орнында қаза тауып, 23 адам ауруханаға жатқызылды. Төтенше оқиғаның зардабын жоюға осы салада қызмет атқаратын мекемелердің 20 техникасы мен 79 адамы жұмылдырылды.

Алматы қалалық құтқару қызметінің мәліметінше, жарылыс салдарынан үйдің бірінші қабаты мен подвалдың арасындағы жабын мен әйнектелген қабырға қираған.

XS
SM
MD
LG