Accessibility links

ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегі жаңа тағайындаулар


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде министр Жақсылық Досқалиев мекеме ұжымына жаңадан тағайындалған қызметкерлерді таныстырды.
Мемлекет басшысының өкімімен Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа жауапты хатшысы Болат Садықов, ал вице-министрлер болып Елжан Біртанов пен Тамара Вощенкова тағайындалды. Е. Біртанов денсаулық сақтау саласының ұзақ және қысқа мерзімді стратегиясымен, сонымен қатар қаржы мәселелерімен айналысатын болса, Т. Вощенковаға осы саладағы емдеу сапасын қадағалау мен емдеу департаментін басқару жүктелді.

XS
SM
MD
LG