Бұл туралы хабарлаған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Теміртаудағы Бейбітшілік даңғылында көппәтерлі тұрғын үйдегі бір пәтердің 16 шаршы метр аумағында өрт шықты. Өрт салдарынан 46 жастағы ер адам қаза тауып, тағы бір адам күйікпен ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Таврическое ауылындағы екі қабатты тұрғын үйден шыққан өртті сөндірген кезде 74 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Таврическое ауылындағы екі қабатты тұрғын үйден шыққан өртті сөндірген кезде 74 жастағы ер адамның мәйіті табылды.