Accessibility links

Ауғанстанда 12 тәліп оққа ұшып, алтауы тұтқынға түсті


Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд облысында болған шайқаста 9 тәліптің көзі жойылып, тағы алтауы жараланды. 3 полицей ауыр жарақаттар алды. Тәліптердің екеуі қолға түсіп, полиция өзге төртеуінің ізіне түсті.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, сенбі күні тәліптер полицияның күзет постына тұтқиылдан шабуыл жасап, 2 сағатқа созылған атысқа ұласты.
Кабул қаласының іргесіндегі қақтығыста НАТО жауынгерлері 3 содырдың көзін құртып, өзге төртеуін қолға түсірді.
XS
SM
MD
LG