Accessibility links

Пәкістан күштері Мумбайдағы шабуылға қатысты рейд жүргізді


Хабарларға қарағанда, Пәкістан күштері Мумбайдағы шабуылдарға қатысы бар деп күдіктелген исламшыл бүлікшілерге қарсы шараны қолға алған. Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні Пәкістан әскерилері Музаффарабад қаласында тыйым салынған экстремистік Лашкар-е-Таиба тобына байланысты бір лагерде рейд жүргізген. Хабарларға қарағанда, арнайы операция барысында бүлікші деп күдіктелген бірнеше адам қамауға алынған. Үндістан ресмилері 170-тен астам адамның өмірін қиған Мумбайдағы шабуылдарға байланысты осы Лашкар-е-Таиба тобын кінәлап отыр.
XS
SM
MD
LG