Accessibility links

НАТО Ауғанстанға қатысты балама жолдарды іздестіруде


НАТО Ауғанстандағы күштерін азық-түлік, жабдықпен қамтамасыз ету мақсатында балама жолдарды іздестіруде. Одақтың баспасөз хатшысы Джэймс Апатурай сәрсенбі күні Азаттық радиосына берген сұхбатында НАТО Ресей, Беларусь, Украина және Орталық Азия елдерімен бірге Ауғанстанға жететін темір жол салу мүмкіндігіне қатысты келіссөздер жүргізуде деп мәлімдеді. “Байланыс жолдары” деп аталатын жоба 2 жыл бойы талқыланып жатыр. Пәкістан жерінде бүлікшілер НАТО-ның тасымалдаушы көліктері мен базаларын жиі нысанаға алады. НАТО Ауғанстандағы күштерін қамтамасыз ету үшін негізінен Пәкістан жерін пайдаланады.
XS
SM
MD
LG