Accessibility links

«Қуаттың» жерасты автотұрағында өрт болды


Алматыдағы Достық даңғылында орналасқан «Қуат» корпорациясының 20 қабатты тұрғын үйінің жерасты автотұрағында өрт болды, — деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Сергей Дырин.

«Автотұрақтағы бір көлік қысқа тұйықталудың салдарынан өртенген, оның шарпуы қасында тұрған екінші көлікке тиген. Бұл көліктер түгелімен жанып кетті, тағы екі көлік зардап шеккен», — деді С. Дырин.
Оның айтуынша, өрт салдарынан үй түгелімен түтіндеп кеткен. Қою түтіннің кесірінен өрттің шығу көзін табу қиын болған. Сондай-ақ түтіндеуге байланысты барлық тұрғындарды көшіруге туралы келді.

«Қазір біз жағдайды анықтау үстіндеміз. Мұндай биік үйлерде өртке қарсы есіктер болуы керек, түтіннің қалай кіріп кеткені түсініксіз. Түтінді жою үшін арнайы қондырылған құрылғылардың бәрі жұмыс істемей қалған, мұның да себебі түсініксіз. Бұл қондырғылар жарықты өшіріп тастаған жағдайда да іске қосылуы тиіс, әлде ол дұрыс жүйеленбеген бе, бұл туралы менің де жауабын таппаған сұрақтарым көп», — дейді ол.

XS
SM
MD
LG