Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы Қырғыз ресмилерінің Азаттық және БиБиСи хабарларын әуеге қайта шығаруына шақырып отыр. ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігіне жауапты өкілінің айтуынша, бұл радио хабарлардың тоқтатылуы елдегі плюрализмді жояды. Қырғыз билігі өтемақы төленбеді деген сылтаумен ол хабарларды тоқтатқан болатын.