Бүгін Ресейде “Солидарность” деген жаңа саяси партия дүниеге келді. Оны оппозициялық саясаткерлер әрі Кремльдің сыншылары Гарри Каспаров пен Борис Немцов құрып отыр.
Ресейлік басылымдардың жазуынша, Мәскеу маңында өткен оның құрылтай жиынына ішінде "Яблоко" партиясының мүшелері де бар 300-ден аса оппозициялық саясаткер қатысқан. Ресей оппозициясы Кремльдің өктемшіл билігіне қарсы бірігуге тырысып келеді.