Accessibility links

Ауған көршілері мен әлемнің ықпалды елдері Парижде кездесуде


Жексенбі күні Ауғанстанның ресмилері мен оған көрші елдер және әлемнің ықпалды ел өкілдері Парижде кездесуде. Олар Ауғанстандағы қақтығысты тоқтату жолдары мен елді қалпына келтіруге көмектесу жайын талқылап жатыр. AFP ақпарат агенттігі хабарлағандай, франциялық ресмилер бұл кездесудің мақсаты- Ауғанстан маңындағы елдер, оның ішінде Пәкістан мен Иранды Ауған үкіметінің талибан бүлікшілігіне қарсы әрекеттеріне қолдауда көбірек рөл атқаруға шақыру деген.

Бұл кездесу Парижде әлем елдернің Ауғанстанды қайта құруға көмек ретінде 20 млн еуро бөлетін болған маусым айындағы халықаралық конференциядан кейін болып отыр.
XS
SM
MD
LG