Бүгін Түркменстанда сайлаушылар кеңейтілген парламентке дауыс беруге жиналды. Сайлауға дауыс беру құқы бар 2,5 млн адам қатысуда. Үкіметтік радионың хабарларына қарағанда, сайлау учаскелері ашылған төрт сағаттың ішінде халықтың 56 пайызы дауыс беруге қатысқан. 125 орындық парламентке сайлаулар қыркүйек айында мақұлданған жаңа Конституция бойынша өтеуде. Түркмен ресмилері дауыс берулерді демократиялық реформаларға бастаған қадам ретінде көрсетіп отыр. Алайда, сыншылар елде президент Гурбангулды Бердімұхамедовтың жетекшілігіндегі бір ғана заңды партия бар екенін алға тартып, бұл дауыс берулерді қабылдамайтындықтарын айтты. Депутаттықтан үміткер 288 адамның көбі жетекші партиядан болып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
"Құтқарушы ақ адам". Орыс қалай қазақты құтқарушыға айналды?