Accessibility links

Қаржы полициясына жаңа басшы тағайындалды


Президент Н.Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) төрағасы болып Қайрат Қожамжаров тағайындалды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.


43 жастағы Қ.Қожамжаров бұған дейін Қаржы полициясы төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген. Ал агенттіктің бұрынғы төрағасы Сарыбай Қалмырзаев желтоқсанның 11-і күні Қазақстан Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалған-тұғын.

XS
SM
MD
LG