Accessibility links

Алматыда полиция наразылық танытушылармен қақтығысты


Бүгін Алматыда Республика алаңына бір топ адам жиналып, наразылық акциясын өткізді. Олар тұрғын үй мәселесінің шешілмей жатқандығына нарызылық танытып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, наразылық шарасына шамамен 400 адам қатысты. Полиция шерушілердің жетекшісі тіркелмеген үкіметтік емес ұйымның басшысы Айнұр Құрмановты қамауға алмақшы болған кезде полиция қызметкерлері мен наразылық танытушылар арасында қақтығыс орын алған.
XS
SM
MD
LG