Бұл қадам адамгершілік тұрғысынан жасалуы тиіс дейді ұйым. Журналист Мунтадар әл-Зейдиге тергеу желтоқсанның 17-де басталған болатын. Ол Бағдаттың Жасыл алаңындағы сотқа мықты күзетпен жеткізілді. Ирақта жексенбідегі баспасөз мәслихаты кезінде АҚШ президенті Джордж Бушқа қос аяқ киімін лақтырған болатын. Әл- Зейдидің ол қадамына Шекарасыз репортерлер ұйымы өкініш те білдіріп отыр. Ирақ заңы бойынша, шетел басшысына шабуылдағаны үшін ол 7 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Аяқкиімін лақтырған журналиске Буш өкпелі емес. Бұл жөнінде Ақ үй өкілі мәлімдеді. Сондықтан журналист Мунтадар әл-Зейдиге қандай жаза қолданылатыны Ирақ билігіне байланысты деген еді ол.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?