Accessibility links

Үкімет бюджет туралы қаулының жобасын мақұлдады


ҚР Үкіметі «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңды іске асыру туралы» қаулының жобасын қабылдады.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, жоба барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, соның ішінде әкімдіктермен бірлесіп пысықталған және республикалық бюджеттік комиссияның отырысында мақұлданған.

«Қаулы өз кезегінде бірінші рет республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін жасады. Осы жаңа құралдарды пайдалануда тәжірибе жинақтауға байланысты бұл қосымшалар толықтырылып отырады. Бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі де бірінші рет обьектілер бойынша 3 жылға бөлу түрінде ұсынылып отыр. Сонымен қатар нысаналы трансферттерді, субсидияларды және кредиттерді бөлу алғашқы үш жылдық кезеңнің бірінші жылының деректерін ғана қамтиды», — деді министр Б. Сұлтанов.

XS
SM
MD
LG