Accessibility links

Газпром Украинаға газ тасымалын тоқтатпақшы


Егер Украина 2 миллиард долларлық қарызын төлей алмаса, Ресейдің мемлекеттік Газпром компаниясы 1-ші қаңтарда бұл елге газ тасымалын тоқтатады. Бұл жөнінде Газпром компаниясының баспасөз хатшысы Сергей Куприянов ескертіп отыр. Куприяновтың айтуынша, егер қарыз өтелмесе, Газпром Киевпен арадағы жаңа келісім-шартқа қол қоймайды және Украинаны газбен қамтамасыз етпейді. Украина Газпромның келісімге келу ұсыныстарын қабылдамады, сөйтіп келіссөздер тығырыққа тірелді, деді Куприянов.
XS
SM
MD
LG