Accessibility links

Семейде автокөлік пен пойыз соқтығысып қалды


Семейдің Мичурин көшесіндегі теміржол өткелінде «Мерседес» автокөлігі мен пойыз соқтығысып қалды, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».
Бұл туралы мәлім еткен Ішкі істер басқармасы жол полициясының инспекторы Мұхтар Шыжыңбаевтың айтуынша, теміржол өткелін кесіп өтпекші болған «Мерседес» үлгермей қалған, көлік жүргізушісінің қорқып қалғаны болмаса көп зардап шекпеген.
«Жүргізушілердің кінәсінен мұндай оқиғалар Семейде жиі болады. Енді бұл жағдайдың себебі мен келтірген шығынын анықтау керек. Сарапшылар көлік жөндеуге келмейді деп отыр», — деді полиция инспекторы.

XS
SM
MD
LG