Accessibility links

Иран Сомали суларына әскери кемесін жіберді


Иранның мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Иран өзінің жүк кемелерін қарақшылардан қорғау үшін әскери кемесін Сомалидің жағалауына жіберген. Иран кемесі Аден шығанағын күзететін АҚШ, Дания, Италия, Ресей және тағы басқа мемлекеттердің кемелеріне қосылды. Мұнда қарақшылар халықаралық жүк кемелеріне жиі шабуыл жасайды. Өткен айда бұл жерде Иранның бір жүк кемесі басып алынған болатын.
XS
SM
MD
LG