Accessibility links

Заңсыз салынған тұрғын үйлер бұзылмайтын болды


Алматының Алатау ауданындағы басып алынған жер телімдеріне рұқсатсыз салынған тұрғын үй құрылыстары бұзылмайтын болды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық кеңес отырысы барысында Алматы әкімінің орынбасары Виктор Долженков мәлімдеді.
«Біз бұдан былай ешқандай заңсыз жер басып алу мен құрылысқа жол бермейміз. Ендігі рұқсатсыз салынған құрылыстар бұзылатын болады», — деп атап өтті В. Долженков.
«Аудан аумағында 3400 құжатсыз салынған құрылыс анықталды. Олардың 870 құрылысы су қорғау аумағында, сақ қорғандары территориясында — 66 үй, 1600 құрылыс – құрылыс салуға шектелген қызыл жолақтың үстіндегі өзінше басып алған жер телімдерінде тұр. Егер біз бұл үйлерді заңдастырмасақ, 2006 жылғы «Шаңырақ» оқиғасы қайталануы мүмкін. Біз оған жол бермеуіміз керек. Одан да зоры, егер біз осы қадамға бармасақ, алдағы жылдың көктемі мен жазында жер телімдерін заңсыз басып алудың жаңа толқынын күтуімізге болады», — деп түсіндірді Алатау ауданының әкімі Б. Манзоров.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG