Сербияның соғыс қылмыстары бойынша прокурорының айтуынша, серб азаматтарына қарсы жасаған қылмыстары үшін Косово албандарының көтерілісшілері тұтқындалған. Оларға адам өлтірді, қинады, зорлады деген айыптар тағылуда. Олар кем дегенде 51 сербтің өліміне және 159-ның ұрлануына жауапты деп айыпталуда. Бұл оқиғалар 1999 жылдың маусым-қазан айларында Косовоның Гнжилане елді мекенінде болған дейді. Үш күдікті бостандықта жүр дейді ресми Белград.