Accessibility links

Жұлдыз-жорамалшылар 2009 жылдың Қазақстан үшін қиын болатындығын айтып отыр


Жұлдыз-жорамалшылар мен балгерлердің 2009 жылға жасап отырған болжамдарына сүйенетін болсақ, сиыр жылы қарапайым халыққа ғана емес, билік басында отырған басшыларға да ауыр тиеді.

Олардың айтуынша, 2008 жылы жиі-жиі болған наразылық шерулері 2009 жылы да өз жалғасын табады. Егер де жұлдыз-жорамалшылар мен балгерлердің айтқаны жүзеге асатын болса, келер жылдың тамыз айының ортасына таман әлеуметтік тұрмыс тіршілігі қиындаған қарапайым халық көшеге шығып, наразылық танытады. Олардың сөзімен айтсақ, бұл 300-400 адамның емес, мыңдаған адамның шеруі болмақ.

XS
SM
MD
LG