Accessibility links

Израилдің соғыс операциясынан Газада 400-ден астам адам қырылды


Жұма күні Палестинаның бітіспес ХАМАС ұйымы Иордан өзенінің Батыс жағалауын және Шығыс Иерусалимді мекендейтін палестиналықтарды Израилдің соғыс қимылдарына қарсы жаппай наразылық ереуілдерін өткізуге шақырды.
Израилдің Газа аймағындағы ХАМАС ұйымының нысандарына әуеден соққы беруі бір апта бойы жалғасып келеді. Қаза тапқандардың саны 400-ден асты, оның ішінде бейсенбі күні Израилдің бомбалық соққысынан ХАМАС ұйымының саяси жетекшілерінің бірі Низар Райян қаза тапты.

Өз кезегінде ХАМАС ұйымы Израилдің елді-мекендерін атқылауды жалғастырды. Одан бір аптаның ішінде 4 адам көз жұмды.
Израиль өз жерін атқылау тыйылмай, бітімге бармайтынын мәлімдеді.

Өткен бейсенбі күні Израилдің вице-премьері – сыртқы істер мнистрі Ципи Ливни Парижде Газа аймағындағы соғыс операциясының мақсаты – тыныштық пен бейбітшілікке жету деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG