Accessibility links

Түркіменстанда жаңа 1 манат ескі 5 мыңға теңестірілді


Жаңа жылдан бастап Түркіменстанда жаңа ақша айналымға түсті. 1 қаңтардан бастап барлық дүкен мен қызмет көрсету мекемесінде 2 баға – ескі ақша мен жаңа ақша бойынша жаңа бағалар көрсетілген.
Жаңа ақшада марқұм болған түркімен президенті Сапармұрад Ниязовтың бейнесі жоқ. Сөйтіп Түркіменстанда Сапармұрад Түркіменбасының жеке басына табынудың ақырғы белгілері жойыла бастады.
Алайда, қазіргі президент Гурбангулы Бердімұхаммедовтің экономикалық реформасы бұқара халықты қатты дүрліктірді. Халық ескі үлгідегі ақшадан құтылуға асығып, Жаңа жылдың қарсаңында ақша айырбастау үшін ұзын кезекте тұруға мәжбүр болды. Жаңа үлгідегі 1 манат – ескі үлгідегі 5 мың манатқа тең. Ескі ақша 2009 жылдың соңына дейін жарамды болады.
XS
SM
MD
LG