Үндістанның ішкі істер министрі Паланиаппан Чидамбарам (Palaniappan Chidambaram) Мумбай қаласындағы террористік қастандықты, бәлкім, Пәкістан үкіметінің көмегінсіз іске асыру мүмкін болмаса керек деп есептейді.
NDTV телеарнасына берген сұхбатында Чидамбарам қараша айындағы террористік қастандыққа Пәкістанның ресми мекемелерінің қатысы болды деп мәлімдеді.
Пәкістанды паналаған “Лашкар-и-Таиба” жаугер тобы іске асырған осы шабуылдың салдарынан кем дегенде 173 адам көз жұмды.
Ол қастандыққа қатысы барлығын теріске шығарған Пәкістан жағының барлық мәлімдемесін қабылдамаған Үндістанның ішкі істер министрі П.Чидамбарам: “террористік операцияның өте тиянақты ұйымдастырылуы – оны Пәкістандағы мемлекеттік мекемелердің көмегімен іске асырудың ғана мүмкін екенін байқатты”, -деп мәлімдеді.