Accessibility links

Әл-Қаида Обаманы Газадағы операцияға қатысы бар деп айыптады


Әл-Қаида басқаруындағы екінші адам Айман әл-Зауахири жаңа мәлімдеме жасады. Исламшыл вебсайттардың бірінде жарияланған үнтаспада әл-Зауахири Израилдің палестиналық Газа секторына басып кіруіне жауап ретінде мұсылмандарды Израиль мен Батыс нысандарына шабуыл жасауға шақырды. Ол, сондай-ақ, жаңадан сайланған АҚШ президенті Барак Обаманы Израилдің шабуылдарына қатысы бар деп айыптап, Газа секторындағы әскери операцияны тоқтату үшін Обама ешнәрсе жасамады деп мәлімдеді.
Барак Обама қаңтардың 20-да өз қызметіне ресми түрде кіріседі.
XS
SM
MD
LG