Accessibility links

Қаза тапқан полиция офицерінің отбасына Алматыдан пәтер берілді


Алматы қаласы әкімшілігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2008 жылдың желтоқсан айында қызметтік міндетін атқару кезінде қайғылы қазаға ұшыраған полиция лейтенанты Дәулет Қасымовтың отбасына әкімдіктің тұрғын үй қорынан екі бөлмелі пәтер берілді.
Қала әкімі Ахметжан Есімов полиция офицерінің әкесіне халқының адал ұлын тәрбиелегені үшін алғыс білдіріп, қайғысына ортақтасып, көңіл айтты және өз тарапынан бұл отбасына қажетті көмек көрсетуге қалалық әкімшіліктің әркез дайын екендігін ерекше атап өтті.
Марқұмның әкесі Түгелбек Қасымов ҚР мемлекет басшысына, Алматы әкімдігіне, басқа да құрылымдарға алғыс айтып, баласын өлтірген жауыздардың табылып, лайықты жазаларын алатындығына сенім білдірді.

XS
SM
MD
LG