Accessibility links

Газадағы қайырымдылық дағдарысына тергеу жүргізілуі мүмкін


БҰҰ-ның адамның құқы бойынша Кеңесінің төрайымы Нави Пилай Газа аймағындағы халықаралық қайырымдылық заңдарының бұзылуына тәуелсіз тергеу жүргізу керектігін атап көрсетті.
Адамның құқы бойынша Кеңестің Женева қаласындағы арнайы мәжілісінде сөйлеген сөзінде Пилай Израиль мен ХАМАС ұйымы бейбіт халықтың арасындағы адам өлімін азайтуға тиіс деп мәлімдеді.
Оның пікірінше, Газа аймағынан Израильді зымырандармен атқылауға және Израильдің әуе соққыларынан бейбіт халықтың қырылуына жол беруге болмайды.
XS
SM
MD
LG