Еуропа Одағына төрағалықты алып отырған Чехияның премьер министрі Мирек Тополанек бүгін Мәскеуде Ресей премьер министрі Владимир Путинмен кездеседі. Бұл кездесу Еуропаға табиғи газ жеткізуге салдарын тигізген Ресей мен Украина арасындағы газ дауын реттеуге арналып отыр.
Жұма күні Киевте Тополанек пен Украина жетекшілері арасындағы келіссөздер нәтижесіз аяқталған. Бірақ Мирек Тополанек Украина арқылы өтетін Ресей газының тасымал жолын ашық ұстау жөніндегі келісімге Киев пен Мәскеу таяу арада қол қояды деп күтетінін айтты. Ресей мен Украина арасындағы ушыққан газ дауы салдарынан Шығыс Еуропаның кейбір бөлігі қыстың күні аязда жылусыз қалып отыр.